Популизмге жол бермеу, бастаған реформаны аяқтау - Жапонияның білім жүйесі қандай
2022 жылғы 25 маусым 11:18

Популизмге жол бермеу, бастаған реформаны аяқтау - Жапонияның білім жүйесі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Жапонияның білім жүйесіндегі ерекшелікке қатысты жарияланған мақаламен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге екпін қойып, содан кейін шешімдер қабылдау өте маңызды. Білім беру жүйесін реформалаудағы Жапонияның 30 жылға жуық тәжірибесінен көп мағлұмат алуға болады», - деп жазды А. Аймағамбетов өзінің телеграм каналында.

Осы орайда министр аталған елдің оқу-ағарту саласындағы екі маңызды ерекшелікке тоқталды.

«Біріншіден, үкіметтің қоғамның үлкен қысымына және PİSA зерттеуінің бірнеше цикліндегі ел көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, басталған реформаларды жалғастыру және қоғамның белгілі бір бөлігінің талаптарына бағыну арқылы популизмге жол бермеу көзқарасы. Екіншіден, мектеп реформасын жүзеге асыруға қоғам мен сарапшыларды кеңінен тарту. Реформа 20 ғасыр индустриясынан 21 ғасыр экономикасына өту қажеттілігіне байланысты 1984 жылы басталды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында экономикасы бойынша екінші орын алған Жапония үкіметі экономикалық реформаларды бастауға шешім қабылдап, ол үшін басты назарға білім беру жүйесін реформалау міндеті алынады. Бұл реформа тек мектеп бағдарламаларын ғана емес, сонымен бірге білім беруді басқару жүйесін, бағалауды, ұлттық тестілеуді, педагогтердің біліктілігін арттыруды, қаржыландыруды, ЖОО-ға түсу емтихандарын және басқа да жүйелерді де қамтыды», - деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда ведомство басшысы бұл мәліметтерге қатысты зертеу деректерінің сілтемесімен бөлісті.



Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT