Полицияның ескертуіне қарамай жолға шыққан жүргізуші 72 450 теңге айыппұл төлейтін болды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Полицияның ауа-райының қолайсыздығы туралы ескертуін елемеген түркістандық жүргізуші 72 450 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Балқаш-Алматы» тасжолында болған. Жүргізуші полицияның қалың қар жуып, жолдың жабық екенін ескерткен тәртіп сақшыларының нұсқауын елемей, көлігімен жүйткіп өте шыққан.

«ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет өкілінің талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Нәтижесінде құқық бұзушыға 72.450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар