Полицияға жалған арыз жазған қарағандылық әйел түрмеге отыруы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда полицияға жалған арыз жазған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24 қазанда Қарағанды қаласының 28 жастағы тұрғыны Михайлов полиция бөліміне келіп, арыз жазған. Ол белгісіз тұлға маршруттық автобус салонында оның 360 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан.
Аталған деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша тіркеген.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында полиция қызметкерлері әйелдің жалған ақпарат жеткізгенін анықтаған. Белгілі болғандай, ол өзінің құрбысымен бірге аталған телефонды сатып жіберген. Кейін полицияға оның ұрланғанын хабарлаған.
Енді келіншектің өзіне заң алдында жауап беруге тура келеді. Аталмыш дерек бойынша арызданушыға қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды («Көрінеу жалған хабар жеткізу»). Бұл бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
- Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
- Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
- 2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
-
Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам