Полицияға үйінен ақша ұрланды деп жалған ақпарат берген әйелдің басы бәлеге қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында несиесін төлеген әйел үйінен ақша ұрланғанын айтып полицияға жалған ақпарат берген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Талғар ауданында болған. 39 жастағы әйел тәртіп сақшыларына арызданып, үйінен 100 мың теңге жоғалғандығын жеткізген. Полиция қызметі аталған факті бойынша іс қозғап, тергеуге кіріскен. Бірақ соңында ешқандайда ұрлықтың болмағаны анықталған. Себебі, шағымданушы өзінің түсініктемесінде шатасып, оқиғаны әртүрлі етіп, құбылтып айта бастаған. Осылайша арызданушының өзі әрекетімен қылмыстың болмағанын ашып берген.
«Ешқандай тонау фактісінің болмағанын, полицияға жалған ақпарат бергенін ол соңында мойындады. Анықталғандай, әйел адам несие алған. Несиені үйдегі қаражатпен төлеген. Бірақ оның несие алғандығы жөнінде жолдасы білмеген. Ол үйде жанжал болады деп, несие төлеген ақшаны ұрлап кетті деп ойдан шығарған»,- деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Енді тонау фактісі бойынша іс тоқтатылып, полицейлер жалған ақпарат берген әйелдің үстінен ҚР ҚК 419 бабының 2 тармағына сәйкес іс қозғады. Аталған бап талаптары бойынша күдікті 4 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты
- Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды – Өскемен
- Көлігі жыраға құлаған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетілді – ШҚО
- Павлодар облысында ер адам жанып жатқан үйден көршісін алып шықты
-
Ақсуда жылдар бойы оқушы қыздарды зорлап келген педофил өмір бойына сотталды
-
Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам