Полицияға пара ұсынудың жазасы қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек полиция өкіліне пара ұсынудың жазасы қандай екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта патрульдік полицияның әрбір қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ олардың қызметтік автокөлігі мен үй-жайлары ақпаратты автоматты режимде беретін немесе ден қою үшін жедел басқару орталықтарына түсіретін азаматтармен барлық байланыстардың заманауи фиксаторларымен жабдықталған», - деді ол министрлік брифингісінде.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігіндегі лауазымды адамға бара берудің аяғы 5 жылға бас бостандығынан айырылуға апаруы мүмкін.

«ІІМ лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Еске салсақ, соңғы кезде елордалық полицейлерге пара ұсыну әрекеттері жиіледі.


Соңғы жаңалықтар