Полицияға пара бермек болған Түркістан тұрғыны ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда тәртіп сақшысына жол қозғалысы ережелерін өрескелбұзып, оны жасыру үшін пара бермекші болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтсақ, қала тұрғыны «Ваз-2107» маркалы автокөлігімен қос сызықты қиып өтіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Өзінің қызметтік міндетін атқарып жүрген Түркістан ҚПБ ППР-ның инспекторы полиция аға лейтенанты Батыр Алимов, жүргізушіге заңды шара көру мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырады. Одан әрі көлігін айыптұраққа қою кезінде жүргізушінің әкесі келіп, ұлының машинасын айыптұрақтан шығаруға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырмауға қатысты өтініш айтып, ақша ұсынады. Тұрғынның бұл заңсыз әрекеттері тәртіп сақшыларының бейнежетондарына тіркелген.

Құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабымен хаттама толтырылған. Одан бөлек, пара ұсынған тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар