Полицияға пара берген ақтөбелік 500 мың теңге айыппұл төлейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция инспекторына пара берген көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкері сержант Әсет Зайнуллин жолда «Lexus» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші қыз бірден пара ұсынды. Бірақ инспектор үзілді-кесілді бас тартып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын­ың 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзуш­ылық туралы хаттама жасады.

«Келесі күні құқық бұзушы инспектордың ұялы телефонын тауып, оған қоңырау шалған. Ол тағы да мәселені оның пайдасына хаттамасыз шешуді ұсынды. Бірнеше күн өткеннен кейін полиция инспекторының ұялы телефонына алғыс сөздер жазылған смс хабарлама келіп түсті. Әсет Зайнуллин басшыларға дереу хабар берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі әкімшілік іс қозғап, сотқа жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сот үкімімен пара ұсынған жүргізушіге 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.



Соңғы жаңалықтар