Полицияға өзінің тоналғанын айтып, жалған ақпарат берген тұрғынға айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін ренжіткендерден кек алу үшін ер адам елордада тонау оқиғасы болғаны туралы полицияға жалған ақпарат берген.

Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сағат 02.20-да Есіл аудандық полиция бөліміне 35 жастағы тұрғыннан бар күзетшілері өзін ұрып-соғып, ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Іс жүргізу барысында қоңырау шалушының караоке-барда отырғандығы және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол ақысын төлеуден бас тартқаны анықталды. Нәтижесінде онымен және бар қызметкерлері арасында жанжал туындаған. Ол бардан шыққаннан кейін шыға беріс есіктің әйнегін жұдырығымен ұрып шағып тастаған.

Ашуға булыққан ол күзетшілерден кек алмақ болып, полицияға өзінің тоналғаны туралы хабар береді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұрланды деген заттар ер адамның өзінде екенін анықтаған. Елорда тұрғынына арнайы қызметке жалған ақпарат бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар