+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Полицияға оқ атқан алматылық 15 жылға сотталды

2019 жылғы 3 мамыр 11:40
Бөлісіңіз:
Полицияға оқ атқан алматылық 15 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аңшы мылтығымен үйінің шырқын бұзып, полицияға оқ атқан бұзақы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

37 жастағы Джафаров Радий 2017 жылы 11 желтоқсанда Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйінде мас күйінде жанжал шығарған.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашуға бой алдырған ол үйіндегі аңшы мылтығымен төбеге екі рет атып, отбасын, көршілерін қорқытқан. Содан соң енесін соққыға жыққан.

«Боран-188 жол-патруль полициясының экипажы келгенде мас бұзақы қарумен аулада еліріп жүрген. Тәртіп сақшылары әйелдерге қауіпсіз жерге қарай кетуін өтінеді. Полицейлерді көрген бұзақы машинаға қарай оқтала бастайды. Сол сәтте полиция экипажы қаруын тастауды, өйтпесе табельді қаруды қолданатындарын айтқан. Сонда бұзақы бір рет оқ атып үлгерген. Абырой болғанда, оқ көршісінің қоршауына тиген», - деді полк командирі Манап Сәттаров.

Сол сәтте 24 жастағы сержант Абылайхан Оқас аспанға оқ атып ескерту жасайды. Бұл да бұзақыны тоқтатпады.

Полиция сержанты Дәулет Кенжеғазы қылмыскердің ішінен атып, оны жарақаттауға мәжбүр болады. Шұғыл шақыртылған жедел жәрдем қылмыскерді ауруханаға жеткізеді. Ол жазылып шыққан соң сот алдында жауап берді.

Ол «мас болғандықтан, кімге оқ атып жатқанымды көрмедім»деп ақталды.

Сот Джафаров Радийді ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танып 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Кейін апелляциялық коллегия бұл сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT