Полицияға мәлімет берген 3,5 мың қазақстандық ақшалай сыйақы алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белсенді азаматтардың қырағылығының арқасында 2 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алексей Милюк айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде белсенді азаматтық ұстанымы бар 23 мыңнан астам адам бар. Олардан келіп түскен ақпараттың көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылып, 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді», – деді Алексей Милюк.

Алексей Милюк аумақтық полиция органдарының ұсыныстары бойынша 2020 жылы 4 мыңнан астам белсенді азамат ынталандыру шараларымен қамтылғанын айтады. Оның ішінде 3,5 мың адам ақшалай сыйақы алған.

«Көтермелеу туралы шешімді аумақтық полиция органы басшылығының ұсыныстары негізінде арнайы комиссиялар қабылдайды. 2018 жылдан бастап көтермелеу шарттары өзгертілді. Егер бұрын көтермелеу сомасы 10 АЕК-тен аспаса, қазір жоғарғы шек алынып тасталды және сыйақының ең жоғары мөлшерін жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай өңірлердің әкімдері өз қалауы бойынша белгілей алады», - деді ІІМ өкілі.


Соңғы жаңалықтар