Полицияға қарсылық көрсеткен екі ақмолалық азамат 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ырығына көнбеген екі сойқанға 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы қауіпі бар, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметі бойынша, оқиға кеше яғни, 20 сәуір күні орын алған. Облыс орталығындағы аумақтарды жол-патрульдік батальонының үш қызметкері жүргізген тексеріс барысында Васильковка шағын ауданындағы тұрғын үйлердің маңында жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойылды.

Алайда, бұзақыларды қалалық ішкі істер бөліміне жеткізу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тіпті полицияның аға сержантына дене жарақатын салған.

Полицияның ырығына көнбеген жастардың бірі 18 жасар колледж студенті болса, екіншісі 1989 жылғы азамат ЖШС бірінде заңгер болып істейтін көрінеді.

Қазіргі кезде, ұсталынған екеуі де тергеу изоляторына тоғытылып, үстерінен ҚР ҚК 321-бабының 2-бөлімі (билік өкілдеріне қатысты күш көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар