Полициядан таяқ жеген зейнеткер оқиғасы: Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев оралдық зейнеткерді полиция қызметкері соққыға жықты деген мақалаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 16 қарашасында «Уральская неделя» газетінде жарық көрген «Зейнеткер полицияның қалай соққыға жыққанын айтты» деген мақалаға орай мынаны хабарлаймыз. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыс тұрғынының өзін соққыға жыққан дәмхана әкімшілігі мен учаскелік инспекторына қатысты шара қабылдау туралы шағымы бойынша 15 қараша күні сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Істің барлық мән-жайын шынайы және жан-жақты зерделеуге бағытталған қажетті жедел тергеу шарасы жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар