Полициядан қашқан төрт адам жол апатына ұшырап, мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігінде Казерта провинциясында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам мерт болып, біреуі ауыр жарақат алған, деп хабарлады RaiNews24 телеарнасы.

Жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция көліктің ізінен қуып бара жатқанда болған.

Бейсенбі күні кешкісін салонында бес адам болған Skoda көлігі полиция патрулінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартып, қатты жылдамдықпен сытылып кетпек болады. Skoda тасжолдың жиегінен шығып кетіп, аударылған.

Соңғы жаңалықтар