Полиция жүріп бара жатқан пойызға секірген ер адамға айыппұл салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан «Атырау-Алматы» пойызының вагондағы басқышына секірген ер адамға айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-14 тамыз аралығында темір жол желісінің рұқсат етілмеген орнынан өткені үшін 486 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Бәйкенов.

Оның айтуынша, апта ішінде шұғыл түрде тежелудің 70 жағдайы тіркелген. Яғни, пойыздар адамның кесірінен 14 мәрте, малдың қараусыз жайылуы салдарынан 53 рет, тоқтауға мәжбүр болған. Екі жағдайға стоп-кранға байланысты олқылық себеп болған.

Мәселен, 7 тамызда көліктегі полиция қызметкерлері стоп-кранды «Атырау - Алматы» бағытындағы пойыз вагондарының бірінің жолсерігі пайдаланғаны анықтаған. Жолсеріктің айтуына қарағанда, белгісіз бір ер адам жол ортадан секіріп, қозғалып бара жатқан пойызға жармаса кеткен көрінеді. Оның өмірі үшін қорыққан жолсеріктің стоп-кранды жұлып алудан басқа амалы қалмапты.

Құқық бұзып жүрген 41 жастағы ер адам болып шықты. Ол өзінің абайсыздығы салдарынан вагонына үлгере алмай, пойыздың қозғалып кеткенін көріп, басқышына секірген.

Көліктегі полицийлер оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, айыптыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ақыры, бір адамның салдарынан пойыз 5 минутқа кешіккен.

«Стоп-кранды тек бірнеше жағдайда ғана пайдалану керек. Егер вагоннан жолаушылардың өміріне қауіп төнетіндей белгілі бір олқылық шықса, өрт лауласа қосу керек. Ал пойыз көпірдің астында немесе үстінде тұрса, оны пайдалануға болмайды», - деді полиция подполковнигі.


Соңғы жаңалықтар