Полиция жедел жəрдем жүргізушісін ұрған күдіктіні қамаудан бас тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматын кепілге алу туралы прокуратура шешімін қайта қарауға берген арызын қайтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажеттіліктің жойылуына байланысты бұлтартпау шарасын қайта қарауға жіберген арызды қарастырмай, Әли Демирге қатысты материалдарды қайтаруыңызды сұраймын», - деді Алмалы аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі А.Байдулла. 

Мұның алдында полиция Алмалы аудандық прокурорының күдіктіні кепілмен босату туралы шешіміне қарсы шыққанын хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, Алматыда жолға таласқан азамат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Сол күні Алматы полициясы 1990 жылы туған Түркия азаматын, яғни Фольксваген Пассат көлігінің жүргізушісін ұстады.

13 жылдан бері жедел жәрдемде жұмыс істейтін Николай Кучма ашушаң жүргізушіні жазасыз қалдырмауға бекініп отыр. 


Соңғы жаңалықтар