Полиция ведомствосының қажеттілігі үшін 7 млрд теңге бөлінбекші - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жергілікті ПД өткен алқалы жиынға қатысты. Ведомствоның өткен жылғы жұмыс қорытындысы туралы ПД бастығы Арманбек Баймурзин есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент бастығы өз баяндамасында өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қаупісіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Көкшетау қаласында мәліметтерге базасына қосылған компьютер техникасымен жабдықталған полицияның 6 стационарлық бекетіне түскен жедел хабар немесе азаматтардың өтініштері бойынша барлық нарядқа бірден хабар беруге болады. Осы арқылы көшедегі қылмыс саны 21,4 пайызға кеміді. Мүлік ұрлығының ішінде пәтер тонау және мал ұрлығы белең алып отыр.

Сонымен қатар, жиында браконьерлермен күрес, жасөспірімдер қылмысын алдын алу, қылмыстық істерді тергеу, есірткі қылмысын қарсы әрекет ету шаралары айтылды. Бұдан бөлек, жедел мәжілісте қаралған мәселенің бірі – ол жемқорлықты қарсы іс-қимыл, жеке құрамның заңдылық пен тәртіпті сақтауы болды.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев ақмолалық полицейлерге қауіпсіздікті арттыру және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы нақтылы міндеттер жүктеді. Оның ішінде тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыруға, ведомство жұмысының ашықтығы мен тазалығына көңіл бөлді.

Аймақ басшысы полицияның учаскелік инспекторларына құқықбұзушылықты алдын алу шараларын жариялау арқылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Қыс айларында мал ұрлығына, жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге және қатаң бақылауда ұстап отыруды, аумақты абаттандыру жұмыстарын бірлесіп шешуді тапсырды.

«Ағымдағы жылы полиция ведомствосының қажеттілігі үшін 7 миллиард теңге бөлінбекші. Бұл облыс орталығында бейнебақылау жүйесін кеңейтуге, қосымша станционарлық бекет салуға, сондай-ақ, Щучье-Бурабай жән Зеренді курорты аймағында полиция қызметкерлерін 100 пайыз планшет, видеорегистратор, қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысы мен ІІМ берген тапсырмалар орындалды. Биылғы жылы нәтижелі болу үшін жұмысты одан әрі ширату қажет», - деді Е.Маржықпаев.

Жиын соңында аймақ басшысы Есіл, Ерейментау және Целиноград аудандарындағы ведомство басшыларына Құрмет грамоталарын тапсырды.



Соңғы жаңалықтар