Полиция табыттың ішінен табылған жарты тоннадан астам қара уылдырықтың көзін жойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровк өлкесінде полиция қызметкерлері жерлеу қызметтерін көрсететін көлікте жатқан табыттың ішінен табылған 500 келіден астам қара уылдырықтың көзін жойды.

Бұл туралы Ресей ІІМ-нің ресми өкілі Елена Алексеева хабарлады.

Полицейлер контрабандалық өнімді кездейсоқ анықтаған. Олар жерлеу қызметтерін көрсететін автомобильді жылдамдық асырғаны үшін тоқтатқан еді, деп хабарлайды РИА Новости.

Құқық қорғаушылар бекіре тұқымдас балықтардың қара уылдырығын тәртіп бұзушылардың өрілген гүл шеңберлерімен жауып жасырмақ болған табыттың ішінен тапты.

Соңғы жаңалықтар