Полиция шетелдік автокөліктерге қатысты арнайы рейд жүргізбейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде шетелдік автокөліктерге қатысты арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ жол ережесін бұзудың кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін де хабарлағымыз келеді», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Осы ретте ІІМ өкілі сақтандыру немесе автокөлік иелерін қудалау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таралып жатқанына тоқталды.

«Сондықтан сіздерді тек қана мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге шақырамыз Сонымен қатар барлық автокөлік иелерінен жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деді Шұғыла Тұрлыбек.


Соңғы жаңалықтар