Полиция лифтінің есігін сындырмақ болған алматылықты іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы тұрғын үй кешендердің бірінде лифтінің есігі мен батырмасын теуіп сындырмақ болған бұзақыны іздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде ер адамның лифтінің есігі мен батырмасын теуіп жатқан видеосы пайда болды . Онда оқиға Наурызбай ауданындағы «Премьера» ТК-де болғандығы айтылады.

Өз кезегінде Алматы полициясы бұл факт бойынша «102» пультіне ешқандай хабарлама түспегенін мәлім етті.

«Соған қарамастан, кешеден бері Наурызбай аудандық полиция басқармасы бұл фактіні тексеріп жатыр. Алдымен ер адамның кім екенін анықтайды. Алдын ала болжам бойынша, ол осы үйде тұрады. Біз оны әкімшілік жауапкершілікке тартамыз», - деп жауап берді полиция.


Соңғы жаңалықтар