Полиция лифтідегі адам өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция «Алғабас-6» шағын ауданындағы адам өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқыс оқиғадан 59 жастағы ер адам қайтыс болды. Қазір аталған дерек ҚР ҚК 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қазір тергеу амалдарымен Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі айналысып жатыр», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, оқыс оқиға кешке кешкісін «Алғабас-6» шағын ауданындағы №144 үйде болған еді.

Егде тартқан адам 5-қабатта лифтіні шақырып, келмеген соң шахта есігін, түймелерді ұрғылай бастаған. Содан соң лифтінің астыңғы тұсын итеріп ашып, шахтаға қарай түсіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар