Полиция қызметкерлерінің киім үлгісі өзгеретін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдарын жаңғырту шаралары аясында полиция қызметкерлерінің жаңа киім үлгісі болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, полицейлердің қазіргі киім үлгісі ыңғайлылығы және сапасы жағынан заман талабына толық сәйкес келмейді. Жаңғырту аясында қызметкерлердің жаңа киім үлгісі енгізіледі. Бұл киім үлгісі күнделікті киюге қолайлы және қазіргі заман талабына сай болады. Қазіргі уақытта біздер отандық киім өндірушілердің әртүрлі ұсыныстарын қарастырып жатырмыз»,-деді департамент директоры.

Осыған дейін біз Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгеретіндігін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар