Полиция қызметкерлері шұңқырға құлаған ақтөбелікті іздеуге жұмылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалып кеткен 54 жастағы Кенжебай Алдашевты іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар, Ақшат ауылдары маңында жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевты туған-туыстары мен достары, төтенше жағдайлар департаменті іздеп жатыр. Туыстарының айтуынша, 10 қараша күні Кенжебай Алдашев қала маңындағы шаруашылығынан үйіне бет алған. Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер бір рет төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұрап, кейін байланыс аясынан тыс қалды.

Үш күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік табылмай жатыр«Заречный полиция бөлімі 1964 жылы туған Кенжебай Алдашевке іздеу жариялады. Ұлты - қазақ, Ақтөбе облысының тумасы. Бойы 170-175 см. Шашы қара, дөңгелек жүзді. Бетінде күйіктен қалған із бар. Қара шалбар, күрте киген. Жоғалған адам туралы кез келген ақпарат білген  адам 102,  (87132) 99-69-25, 99-68-02 телефондарына хабарласуды сұраймыз», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Үш күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік табылмай жатыр

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еріктілер мен төтенше жағдайлар қызметі 10 қараша күні іздеуді бастады. К.Алдашев сол күні сағат 04:56-да төтенше жағдайлар қызметіне телефон шалып, өзінің шұңқырға құлап кеткенін, күші сарқылып, шыға алмай жатқанын айтқан. Содан бері іздеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ нәтижесіз.

Соңғы жаңалықтар