Полиция қызметкеріне қарсы күш қолданған қылмыскер ұсталды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қыркүйектің 18-інде Жамбыл облысы Жамбыл ауданында полиция қызметкеріне қарсы күш қолданған қылмыскер құрықталды.

 Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында мәлім болды,   деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, қылмыс жасаған сезіктіні ұстау кезінде күдікті «Ниссан-Примера» автокөлігімен аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторын қағып кеткен. Күдікті сол оқиға орнында автокөлігін тастап, қашып кеткен. Қылмыскер сол күні полиция қызметкерлерімен құрықталды. Ал оқиға барысында жарақат алған учаскелік полиция қызметкеріне жедел жәрдем көрсетілді.

Сонымен бірге, Астана қаласында жалған полиция капитаны құжатын пайдаланып жүрген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Астана қаласы жол полициясының экипажы жол ережесін өрескел бұзған  «Тойота Авалон» автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында жүргізуші полиция капитанының қызметтік куәлігін көрсеткен. Куәліктің түпнұсқасы полиция қызметкерінің күмәнін келтіргендіктен, жүргізуші дереу ІІД-не әкелініп, онда құжаттың жалғандығы анықталған.

Соңғы жаңалықтар