Полиция қызметкерін тістеп алған хромтаулық азамат үш жылға сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерін тістеп алған Хромтау қаласының тұрғыны үш жылға сотталды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық іс материалында 2014 жылдың 12 қыркүйегінде Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы мен оның көмекшісінің қаладағы мейрамханалардың біріне келушінің қоғамдық тәртіпті бұзғанына қатысты шақыртумен келгені айталған.
«Ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындамай, учаскелік инспекторды оң жақ қолының білегінен тістеп алған. Күдікті құқық қорғау органдары қызметкерінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірді», - делінген хабарламада.
Сот отырысында сотталушы ҚР ҚК-нің 321-бабының 1-бөлімімен өзіне тағылып отырған айыпты толық мойындады.
Хромтау аудандық соты сотталушыны кінәлі деп танып, қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге үш жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
- Былтыр электрондық форматтағы әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар 6 млн-нан асты
- 2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
- Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
- Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады
-
Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
-
Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам