«Полиция қызметкері» Қызылорда тұрғынының телефонын қолды етті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ Қызылорда тұрғынының ұялы телефонын иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алаяқтан зардап шеккен қала тұрғыны арызданды. Айтуынша, түнгі уақытта қаланың орталық көшелерінің бірінде оған белгісіз бір азамат өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Одан кейін ол азаматтың «Samsung Galaxy A10» маркалы ұялы телефонын алдап алған.

«Полицейлердің жедел шарасы нәтижесінде көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол – бұрын сотты болған 23 жастағы облыс тұрғыны. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда алаяқтық жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар