Полиция қызметкері: қорғанудың тиімді жолы – вакцина

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Иммундау жұмысы басталған күннен беру Ақтөбе облысына 17800 доза әкелініп, 7 мыңнан астам тұрғын егілді. Екпе қабылдаған полиция қызметкерлері өзін жақсы сезінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды иммундау жұмысына бейжай қарамауға шақырды.

«9 наурыз күні вакцинаның алғашқы дозасын қабылдадым. Ал екінші бөлігін 31 наурызда алдым. Ауырсыну болмады, еш әсерін сезбедім. Біз адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Сондықтан өзімізді, отбасымызды, тұрғындарды сақтау, қорғау үшін тиімді жолды таңдадық», - деді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шоқанов.


Соңғы жаңалықтар