Полиция қызметкері есірткімен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талғар аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері жеке тұлғадан есірткі алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 18 маусымында Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Бесағаш ауылында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру шарасы барысында жеке тұлғадан героин (муляж) есірткі заты алынған. Осы іс бойынша Талғар аудандық ІІБ қызметкері ұсталды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ҚР ҰҚК Алматы облыстық департаменті ҚР ҚК 297 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Сонымен қатар облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметі де қызметтік тексеруді бастады», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар