+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Полиция күні: ШҚО-да тәртіп сақшыларының мергендігі сыналды

2021 жылғы 23 маусым 14:12
Бөлісіңіз:
Полиция күні: ШҚО-да тәртіп сақшыларының мергендігі сыналды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан полициясы күніне орай жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша турнир өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио-2020: Қазақстандық теннисшілер қарсыластарына есе жіберді Аяужан Ашимова: Ауыл жұртшылығы сайлауға зор қызығушылық білдіріп отыр Елдос Сметов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстың қалалары мен аудандарынан келген полицейлердің қатысуымен өткен шарада карантиндік шектерлеу қатаң сақталды.

«Жарысқа 9 команда қатысты, атап айтқанда полиция департаментінің аппараты, Өскемен қалалық ПБ, Ертіс, Үлбі, Сол жағалау полиция бөлімдері, ПД патрульдік полиция батальоны, Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ Ұлан және Глубокое аудандық полиция бөлімдері. Сақшылар жаттығудың 3 түрі бойынша жарысқа түскен», - деді Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Мерхат Дюсупов.

Турнирді өткізу қорытындысы бойынша бірінші орынды ШҚО ПД аппаратының командасы, екінші орынды Өскемен қалалық ПБ аппараты, үшінші орынды облыстық ПД БПП иеленді. Жеңімпаздар жеке және командалық есепте медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT