Полиция күні: Көкшетауда сала ардагерлерінің аллеясы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласында елімізде алғаш рет ішкі істер органдарының және ұлттық гвардия ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақан сері мен Біржан сал көшелерінің қилысар тұсында орналасқан аллеяның ашылуына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық ПД бастығы Берік Билялов, департаменттің жеке құрамы мен ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

«Бүгінгі күні полиция қызметкерлеріне ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі алеяның ашылуы - еліміздегі ішкі істер органдары мен ұлттық гвардия ардагерлеріне деген құрметіміздің белгісі», - деді аймақ басшысы.

Ақмола облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы,отставкадағы полиция полковнигі Дәуітбек Нұрғалиев сөз сөйлеп, жаңадан ашылған аллеяның өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.

Екі жүзден аса түрлі көшет егілген аллея абаттандырылып, тұрғындардың рухани дем алуы үшін барлық жағдай жасалған.

null null null

Соңғы жаңалықтар