+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Полиция күні: Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

2021 жылғы 21 маусым 14:03
Бөлісіңіз:
Полиция күні: Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы Фурманов шыңын бағындырды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауы жиілеп кеткен Жамбылда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны азайған

Полицейлер ауа райының қолайсыздығына қарамастан өткен күні шыңға шықты.

Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы ПД басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің дербес бөлімшелері болды.

«Шынымды айтсам, бұл - біздің қызметкерлердің тауға бірінші сапары емес. Кәсіби болмаса да, бірақ жоғары сапалы әуесқой деңгейінде болды. Жол оңай болған жоқ, тұман мен жаңбыр да белгілі бір қолайсыздық туғызды. Бірақ, шыңға шыққандардың алдында жалғыз мақсат болды - қашықтықты соңына дейін және барлық құраммен жүріп өту. Шыңға көтерілгеннен кейін дәстүр бойынша Қазақстанның әсем туы желбіреді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикер бұл іс-шара қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Бұл жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT