+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Полиция Қордай ауданының тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады

2018 жылғы 13 қыркүйек 18:18
Бөлісіңіз:
Полиция Қордай ауданының тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін өткен брифингте Жамбыл облысы ІІД-нің басшысы Арман Оразәлиев Қордай ауданындағы ауыл тұрғындарының үйіне жасалған қарақшылық шабуыл бойынша жүргізілген тергеу амалдарының нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордай ауылында 68 жастағы ер адамның үйіне шабуыл жасалды. Қылмыскерлер ер азаматты және әйелін соққыға жығып, ақша мен алтындарын алып кеткен. Қазіргі таңда облыстық криминалдық полиция мен Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үлкен жұмыс атқарып, барлық күдіктілерді ұстады. Үш күдіктінің екеуі Қордай ауданының тумасы, алайда олар Алматыда тұратын болып шықты. Бұл жаққа туған-туыстарына келіп тұрады. Үшінші сыбайлас - Алматы қаласының тұрғыны. Барлығының қалада жанұялары, жұмыстары бар», - деді Арман Оразәлиев.

Спикердің айтуынша, ұсталған азаматтардың барлығының екі қарақшылық шабуылға қатысы бар екені анықталды. Олар өз кінәларын толықтай мойындап, тергеу амалдарына ықпалдасуда.

«Заттай айғақтар алынды. Олардың ішінде қылмысты жасау кезінде иемденіп алған және қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін заттар бар», - деді ол.



Еске сала кетейік, шілде айының соңында Қордай ауданының Қордай ауылында бірқатар қарақшылық шабуылдар жасалған еді. Дәлірек айтқанда, бетперде киген белгісіз адамдар жергілікті тұрғындардың үйіне баса-көктеп кірген. Артынан иелерін соққыға жығып, ақша мен құнды заттарды талап еткен. 68 жастағы зейнеткер алған жарақаттардың салдарынан ауруханада көз жұмды.

Қордай ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік күшейтіліп, әртүрлі бөлімшелердің 70 қызметкері жөнелтілді. Олардың қатарында атты полицейлер, 15 қызметтік автокөліктер, 12 кинолог пен 10 иісшіл иттер бар. Сондай-ақ, қосымша алты автопатруль берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT