Полиция көліктері енді «Zanga qyzmet etemyz» деген жазумен жүретін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттық айыру белгілері мен жазулары бар патрульдік автокөліктердің стандарттарын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлік мәліметтеріне сілтеме жасап.

Стандартты белгілерден басқа, мұндай автокөліктің алдыңғы жанындағы есіктерінде «ZANGA QYZMET ETEMIZ» деген жазуы бар патрульдік полицияның эмблемасы салынады.

Халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін автомобильдің артқы бүйір қанаттарында кезекші бөлімнің немесе ЖБО және аудандық полиция бөлімшесінің жедел кезекшісінің телефон нөмірлері орналастырылады.

Автопатрульдердің борттық нөмірлері, әлемдік полиция стандарттарына сәйкес нарядтарды тиімді басқару үшін артқы есіктерде және автокөліктің жүксалғышында орналасады.

Полиция департаменттеріне патрульдік полиция саптық бөліністерінің барлық автокөліктерін ағымдағы жылдың аяғына дейін бекітілген стандартқа сәйкес келтіру тапсырылды.

Жаңа ақпараттық белгілерді салуға қосымша шығындар талап етілмейді. Өзгерістер автокөлікті пайдалануға бұрын бөлінген қаражат есебінен енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар