+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Полиция қазақстандықтардан алыс жолға шығу жоспарын шегере тұруды сұрайды

2019 жылғы 23 желтоқсан 00:50
Бөлісіңіз:
Полиция қазақстандықтардан алыс жолға шығу жоспарын шегере тұруды сұрайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды алыс сапарға шығуды кейінге қалдырып, жол үстінде аса сақ болуын сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік өңірлерде күн суытады, жел күшейіп, қар жауады Маңғыстау облысында қар жауады Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Полицейлер жүргізушілерге көлік тізгінінде аса жіті болуды, қауіпсіз қашықтық пен жылдамдықты сақтап, шұғыл тоқтау кезінде сақ болуды өтінеді. Жаяу жүргіншілердің де абайлағаны абзал, себебі көктайғақ кезінде көліктерге шұғыл тоқтау қиынға түсіп жатады», - деген жазба жарияланды министрліктің Instagram -дағы парақшасында.

Қардың қалың түсуіне байланысты құқық қорғаушылар азаматтардан жоспарланған алыс жолға сапарын шегере тұруды сұрайды. Ал сапарға шығу міндетті болған жағдайда қайда бара жатқанын туған-туыстарына айтып кеткен жөн.

«Жылдамдықты, қауіпсіз қашықтық пен бүйір жақтағы аралықты таңдаған кезде ауа райының ахуалын ескерген дұрыс. Қар жауып тұрған кезде жолды көру қиындай түседі», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT