Полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді - Ішкі істер министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ханымдар! Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде әйелдер барлық салада жемісті қызмет атқаруда. Соның ішінде, полиция қатарында да қыз-келіншектер көп. Ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың 580-і басшы құрам.

Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, психологтар, учаскелік, миграциялық, патрульдік және әкімшілік полиция инспекторлары бар.

Уақытқа қарамастан, өз жұмысына беріліп, елінің қорғаны болып жүрген қыз-келіншектер - батырлық пен ерліктің символы! Сондықтан, осындай әріптестерімізді құрметтеу – біздің парызымыз!», - деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, әйелдер қауымының

үнемі күліп, ер-азаматтар айналасында жүруі үшін ерекше рух береді.

«Езулеріңізден күлкі кетпесін! Сіздер бақытты болуға лайық жансыздар! Балаларыңыздың болашағы жарқын болып, жан-жақтарыңыз аман болсын.

Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық және қажымас қайрат тілеймін!», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар