+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады

2020 жылғы 30 қазан 12:20
Бөлісіңіз:
Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Kaspi бөлімшесіне жасалған шабуылға күдікті адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әйел тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 35, 34 және 28 жастағы үш адам ұсталды. Екі ер адамды Алматы қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдері ұстады.

Үшінші күдіктіні дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Айғақзат ретінде ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы, 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Айта кету керек, Алматыда 15 қазанда Kaspi банк бөлімшесіне шабуыл жасалған болатын.

Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша, 2 млн теңгені алып кеткен. Қарақшылардың бірі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке енген.

Қарақшылар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT