Полиция капитаны Розовка ауылындағы жарылыстан үш адамды құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Розовка ауылындағы үйлердің бірінде түнде болған өрт салдарынан 63 жастағы үй иесі мен оның 23 жастағы немересі, Өскеменнен келген 30 жастағы ұлы аман қалды. 

Алғашқы болып жеткен "Кирова" ЖШС-не тиесілі техниканың өзі өртеніп кете жаздаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Адамдар мен өрт сөндіру көлігін полиция капитаны, Рождественск ауылдық округінің учаскелік инспекторы Бауыржан Бидаев құтқарып қалды.

 «Мен құжаттармен жұмыс істеп жатқан едім. Тірек ауылынан түнгі сағат он екі жарымның кезінде шықтым. Көшеде біреу қарумен оқ атып жатқандай дыбыс естілді. Қызметтік көлік арқылы көшені аралап шығуды жөн көрдім. Сол сәтте ауыл әкімдігінің жанында сарай мен үйге жапсарлас орналасқан шатырдың жанып жатқанын көріп қалдым»,- дейді Байыржан Бидаев. Үйге жақындағаннан кейін полиция капитаны терезені қаға бастаған. Дегенмен әр жақтан ешбір белгі болмаған. - Аулаға кірейін деп едім, ішінен бекітіп жауып алған екен. Шарбақ арқылы секіріп түсуге тура келді. Кіреберіс есікке бет алғанымда үй иелерінің тұрғанын көрдім. Олар менің терезені қаққанымды мүлдем естімеген, - дейді ол. Жанып жатқан үйді  иелері тастап кеткеннен кейін полиция капитаны қызметтік көлікпен және көршілердің көмегімен өрт сөндіру техникасын ауладан итеріп шығарған. Сол сәтте үйде газ баллоны жарылған. "Зерноград" ЖШС-нің екінші өрт сөндіру көлігі тілсіз жауды толығымен сөндіргенге дейін жұмыс істеді. Бұдан басқа, оқиға орнына №35 ӨБ-нен екі бөлім жұмылдырылды. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Аудандық ТЖ бөлімінің ақпаратына сүйенсек, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Дегенмен соңғы нақты мәлімет сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. 

Соңғы жаңалықтар