Полиция іздеуде жүрген бурят журналисінің Астанада ұсталуына түсінік берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі Бурятиядан келген журналистің ұсталуына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция мәліметінше, 30 қыркүйекте Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген Бурятия тұрғыны Евгения Балтатарова ұсталған.

Іздеудің бастамашысы - РФ Бурятия Республикасы бойынша ІІМ Ұлан-Удэ қаласының полиця басқармасы.

Ұсталған адам Астана қаласы Сарыарқа ауданының полиця бөліміне жеткізілді. Онда іздеу бастамашысына арналған тиісті құжаттар жинақталды.

«Келу себебін түсіндіргеннен кейін ол үйіне жіберілді. Өйткені мемлекетаралық іздеу кезінде «ешқайда шықпау туралы қолхат» бұлтартпау шарасы болып табылады. Бұл шара қамауға алуды қарастырмайды» деп мәлім етті полиция.

Сондай-ақ Е.Балтатароваға халықаралық іздеу (Интерпол) жарияланбағанын атап өткен жөн.

Ал іздеуші Ресейдің құқық қорғау органдарына іздеуде жүрген адамның жүрген жері туралы хабар берілді.


Фото: facebook.com/b.j.stubborn



Соңғы жаңалықтар