USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Полиция интернет пабликтерді бақылайтын жұмыс тобын құрды

2018 жылғы 9 қазан 13:19
Бөлісіңіз:
Полиция интернет пабликтерді бақылайтын жұмыс тобын құрды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы интернеттегі заңсыздықты насихаттайтын топтарды бақылауға кірісті.

Полиция ендігі кезекте видео мен фото салынған пабликтерді бақылау үшін арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, заң бөлімі, департаменттің баспасөз қызметінің мамандары кірді.

«Алғашқылардың бірі болып, «Instagram» желісіндегі «Nelegal.kaz» паблигі жіті бақылауға алынды. Мұнда жазылушылар жол ережесін бұзған сәттерін суретін, видеосын жібереді. 174 жарияланымның ішінде 85 видео мен 89 фото жіті қаралды. Олардың 11-і бойынша әкімшілік хаттама жасалады. 6 оқиға Алматыда болған болса, 5-уі бойынша хаттама толтырылды. Қалған эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT