Полиция Хеллоуинде көз жұмған каскадерге қатысты істі тергеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 қараша күні, Хеллоуин түнінде «ТСБ» түнгі  клубында болған. 

34 жастағы жігіт асылып қалған адамды бейнелемек болған. Қойылым біткен соң актерді түсірген кезде жағдайы нашарлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше каскадер қайтыс болды.

«Аталған оқиғаға байланысты Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады. Сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған сараптама нәтижесінде актердің өлімі неден болғаны анықталмақ. Сонымен қатар, полиция кешенді тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар