+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Полиция «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді

2019 жылғы 14 маусым 16:50
Бөлісіңіз:
Полиция «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Артықов «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға осы жылдың маусым айының үшінде болған. Нұр-Сұлтан қаласы №10 гимназиясының оқушылары оқудан кейін бірнеше жасақ болып, Хан-Шатыр ОСО-ға келеді. Олар 4-қабаттағы демалыс орнына келген. Сағат 11-ге таяған кезде жасөспірім қыз саяжайдағы бассейнге түсіп, суға батып кеткен. Сол жерде болған құтқарушылар қыздың денесін шығарып, оқиға орнында болған медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетеді. Жедел жәрдем шақырылады. Бірақ, көмек көрсетуден нәтиже шықпай, жасөспірім қыз жан тапсырды», - деді Қайрат Артықов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сол жерде болған Хан-Шатыр ОСО қызметкерлерінен, құтқарушылардан, медициналық қызметкерлерден, балаларды сол жерге алып келген гимназияның мұғалімдерінен жауап алынған.

«Құтқарушылардың іс-әрекетіне қатысты тексеріс тағайындалып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бассейнде балалар көп болды. Ол қыз судың астына кеткенде жанында болған қыздар айқайлап-шулап, мұғалімдерді шақырған. Мұғалімдер тез арада құтқарушыға айтқан. Құтқарушы суға секіріп, баланы шығарған. Баланы, біздің білуімізше, екі-үш минуттың ішінде алып шыққан. Бірақ ол суды көп жұтып қойған. Салдарынан сол жерде қайтыс болды», - деді ол.

Бұған дейін елордадағы «Хан Шатыр» СОСО бассейнінде қыз бала суға кетіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT