+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Полиция есірткіге жарнама жасап, баннер ілгендерді іздеп жатыр - Алматы

2019 жылғы 20 қараша 14:54
Бөлісіңіз:
Полиция есірткіге жарнама жасап, баннер ілгендерді іздеп жатыр - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталық көшелерінде есірткі жарнамасы туралы баннерлер көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық белсендісі Әсем Жапишева Facebook парақшасында жазды.

Пост авторы мұндай жарнамалық баннерлерді бірнеше орталық көшеден көрген.

«Баннерде QR-код пен сайт атауы көрсетілген. Сол код арқылы сайтқа өтіп, стафф, спид, мефедрон, кристал басқа да заттарды алуға болатыны көрсетілген. Одан да сорақысы баннер ілген адамдар айфон, тағы басқа заттарды ойнату үшін байқау ұйымдастырған. Байқау талаптары – баннер қасында суретке түсіп, достар мен таныстарды тэгтей отыра әлеуметтік желіде жариялау керек. Тек бұл фитнес орталықтың жарнамасы емес, есірткі дилерлерінің жарнамасы», - деді ол.

Қоғам белсендісі мұндай баннерлердің Қазақстанның 5 ірі қаласы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Алматыда бар екендігін айтты.

«Бұл дерек қалалық Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауына алынды. Құқық қорғау органдары тарапынан шұғыл шаралар қолға алынды. Тексеру нәтижесінде баннерді жариялаған компания анықталды. Жақын арада тапсырыс беруші де табылып қалады», - деді Полиция департаментінен.

Полиция қазір бұл баннерлерді алып тастауда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Есірткімен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT