Полиция департаменті Алматыда қайтыс болғандардың санын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 149 адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарулы қақтығыс пен шабуылдар кезінде, 149 адамның қайтыс болғаны өкінішті. Олардың басым бөлігі - қарақшылар мен лаңкестер, сондай-ақ олардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар да бар», - деді Қ. Таймерденов.

Оның айтуынша, лаңкестердің көбісі қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні полиция бөлімшелері мен блокпосттарға шабуыл жасау кезінде жойылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.

Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар