Полиция бөлімшесінің терезелерін сындырған атыраулық айыппұл төлейтін болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет мүлкін бүлдірген Атырау қаласының тұрғыны қалалықтардан кешірім сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұзақы өз әрекетін алкогольді ішімдікке мас күйде жасағанын және заңға қайшы әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.
Еске сала кетсек, 24 тамызда қала сыртындағы Ақсай селосындағы жаңадан ашылуға дайын тұрған жаңа полиция бөлімшесінің терезелері сынған болатын. Қазіргі уақытта бұзақыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 12 025 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар