Полиция Бестөбе шахтасында заңсыз алтын қазушылардың өліміне қатысты тергеу жүргізуде

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі қараусыз қалған шахтада екі адамды опырылған топырақ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда Степногор қалалық полиция бөліміне «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчері хабарласып, кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғанын айтты.

«Анықталғандай, ер адамның бірі - Бестөбе кентінің 1986 жылғы тұрғыны, ол бұрын осы шақтада жұмыс істеген. Ал, екіншісі 35 жастағы степногорлік. Олардың денесін өздерімен бірге болған заңсыз алтын іздеушілер сыртқа алып шыққан. Қазіргі кезде, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру). Тергеу жалғасуда», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде.


Соңғы жаңалықтар