Полиция бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атқан адам ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан күдікті ұсталды. 34 жастағы ер адамды полицейлер 6 күннен кейін ғана қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 шілде күні жедел-іздестіру жұмыстары барысында көлікке оқ атқан 34 жастағы Ж есімді күдікті ұсталды. Қазір оның көлігі айып тұрағына қойылып, өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар заңға сәйкес тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды. Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған.



Соңғы жаңалықтар