Полиция басшылары адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың сұрақтарына жауап береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17-18 мамыр күндері республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірлік Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Акция кезінде азаматтар өз мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, телефон арқылы «қауырт желі» ұйымдастырылды. Осы байланыс желісі бойынша жол қауіпсіздігі және көші-қон қызметіне қатысты мәселелерге жауап алуға болады.

Шара өткізілетін орынды және «қауырт желінің» нөмірлерін https://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/Reception_on_the_road ІІМ порталынан және полиция департаменттерінің сайттарынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефонынан білуге болады.

Еске сала кетсек, осындай акция елімізде 5-6 сәуірде өткен болатын. Жолда 250 жедел қабылдау бекеті жұмыс істеді. Екі күн ішінде «Жолда қабылдау» пункттеріне 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

«Министрлік бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдаудың» азаматтарға қажеттілігі іс жүзінде көрінді. Бұл акция - тұрғындармен байланыс жасаудың жаңа моделіне көшудің бір бағыты. Осыған байланысты, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары азаматтарды жедел қабылдауды ай сайын жүргізеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар