Полиция Барселонада терактіге қатысты бір адамды атып өлтірді - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонада террорлық акті жасағандардың бірі Сан-Жуст-Десверн муниципалитетінде полициямен атыс кезінде қаза тапты. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

Әзірге күдіктінің аты-жөні жария етілмеді. La Vanguardia басылымының мәліметінше, тағы бір қылмыскер қашып жүр.

Бұған дейін испандық БАҚ жүк көлігін жалға алушы Марсельдің тумасы Франциямен шекарадағы каталондық Риполь тұрғыны сыбайластарымен қамауға алынғанын жазды.

Еске сала кетсек, бейсенбі Барселона орталығы Рамбла көшесінде жүк көлігі адамдарды қасақана қағып кеткен. Қаскөйлер көше бойымен 530 метрдей жүріп өткен. Қазіргі уақытта қылмыскер ұсталды. Каталония билігі теракті салдарынан 13 адам қаза тапқанын жария етті. Ауруханаға жатқызылған зардап шегушілер саны жүзден асып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай , ҚР СІМ  зардап шегушілер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар