Полиция балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

Фото: None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскен.

Аталған дерек бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа «Солнышко» балалар үйіне тапсырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген факті бойынша жиналған материал соттың қарауына жіберілді. Балаларды одан әрі қорғаншылыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған болатынбыз.




Фото: polisia.kz




Соңғы жаңалықтар