Полиция астана әкімдігінде болған төбелес туралы мәлімет берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде төбелес шығарған әйелдердің ісін тіркеуге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияға 25 шілде күні сағат 11.12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, кіреберісті жауып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған департамент дерегінде.

Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны белгілі болды.

«Кикілжіңге қатысушылардың екі тарабынан бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Еске салсақ, Telegram-каналдарда елорда әкімдігінің ғимаратында «ер адамның көпбалалы аналардан таяқ жегені» туралы видео тараған болатын.



Соңғы жаңалықтар