Полиция «Алтын Орда» базары директоры орынбасарының ұсталуы туралы түсініктеме берді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полицияда «Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы бұрын желіде таратылған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тасжолында «BMW» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында бір жолаушыдан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат, басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапанша анықталып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінен.

Бұған дейін желіде 2 маусымда «BMW» маркалы автокөлік мінген қарулы адамдар ұсталғаны туралы ақпарат пайда болңан еді. Ақпарат бойынша, олардың арасында «Алтын Орда» базары директорының орынбасары болды. Әлеуметтік желілерде тіпті олар ұсталған кадрлар бар бейнеролик тараған.


Соңғы жаңалықтар